Мазмұнға өту
DiaMedКлиникалық-диагностикалық зертхана
Мәзір
  • Талдаулар мен бағалар
  • Чек-аптар
  • Мекенжайлар
  • Үйге шақыру
  • Дайындық
  • Байланыс
Өскемен

Қаланы таңдаңыз

KK
РусскийRU ҚазақшаKK EnglishEN
Талдау нәтижелері
Басты бет/Ақпараттандырылған келісім

Пациенттерге арналған құжаттар

Ақпараттандырылған келісім

Пациенттің зертханалық зерттеулерге келісімі.

Түпнұсқаны жүктеу ↓DOCX · 19 КБҚазақша және русский
Осы құжатта Құжат мәтіні ← Барлық құжаттар

ПАЦИЕНТТІҢ «DiaMed» КДЗ ЖШС-де ЖАСАЛАТЫН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ АҚПАРАТТАНДЫРЫЛҒАН ӨЗ ЕРКІМЕН БЕРІЛГЕН КЕЛІСІМІ

«Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 134 бабы 3 тармағына сәйкес медициналық көмек тек пациенттің өз еркімен ақпараттандырылған ауызша немесе жазбаша келісімінен кейін көрсетілу керек.

Осыған орай, Сізді пациенттің (ересектер мен балалар үшін) ақпараттандырылған келісімімен танысуыңызды және «DiaMed» КДЗ ЖШС-нің емшаралық кабинеттерінде тіркелу үрдісін жылдамдату үшін Сізді алдын-ала ақпараттандырылған келісім беру парағын толтыруыңызды сұраймыз. Сіздің Өтініміңізді рәсімдеу кезінде тіркеушіге толтырылған және қол қойылған келісімді көрсету қажет.

Мен,_________________________________________________________________,

   (астын сызу керек) пациент/заңды өкіл  (аты-жөні/ЖСН толығымен)

келесі ем шараларын _____________________________________________ өткізуге

пациент (аты-жөні/жсн толығымен)

өз еркімен келісімімді беремін:

1. Инвазивті процедуралар (көктамыр ішіне, бұлшықет ішіне) Зертханалық зерттеуге тамырдан қан алу     □ ИӘ    □ ЖОҚ 

2. Зертханалық зерттеуге жағынды/қырнама алу      □ ИӘ     □ ЖОҚ

3. Әкелінген биоматериалдарды (зәр, нәжіс т.б.) зерттеу □ ИӘ     □ ЖОҚ

4. Бактериологиялық және ПТР зертханалық зерттеулер □ ИӘ     □ ЖОҚ Маған зертханалық зерттеулерге дайындық ережелері, оларды сақтамаған жағдайда мүмкін болатын қателіктер және манипуляция кезінде туындауы мүмкін әр түрлі жағдайлар (инені, урожыныстық зонд және тампонды кіргізген кездегі ауырсыну және қолайсыздық сезімдері, мұрын-жұтқыншақ шырышты қабығынан жағынды алу кезіндегі сезімдер, қан алған жердегі гематома, уретрадан жағынды алғаннан кейін зәр шығарғанда ауырсыну, есінен танып қалу) қол жетімді және түсінікті түрде түсіндірілді.

Дәрігерден жолдама болмаған жағдайда, фискалды чекте көрсетілген маған ұсынылған зерттеулерге келісім бергенімді растаймын және олардың орындалуына шағым жасамаймын.

Мен өзімнің дәрілік және өзге де препараттарымды инвазивті рәсімдерді жүргізу үшін ұсынған кезде, мен оны/оларды қолданудың салдарын толық түсінемін және оны енгізгеннен кейін ағзаның теріс реакциялары туындаған жағдайда «DiaMed» КДЗ ЖШС-не қатысты қандай да бір шағымдардан бас тартамын.

Мені қызықтыратын барлық сұрақтар қойылғанын, «DiaMed» КЗЛ персоналынан алынған барлық жауаптар мен түсініктемелер мен үшін түсінікті екенін растаймын.

Менде _________________________________________________ аллергия бар

Аш қарынға анализ тапсырып отырғанымды растаймын □ ИӘ     □ ЖОҚ

Менің зертханалық зерттеулерімнің нәтижесі туралы кез-келген ақпаратты келесі тұлғаларға айтуға рұқсат беремін (туыстық дәрежесі, Т.А.Ә. толығымен, телефон нөмірі) _________________________________________________________

________________________________________________________________________

Келесі байланыс деректерін растаймын:

Телефон номері: _______________________

Электрондық пошта адресі (қажет болған жағдайда):_____________________

«         » __________________ 20__ жыл.     

Пациенттің немесе оның заңды өкілінің қолы ___________________

«DiaMed»КЗЛ тіркеушісінің аты-жөні және қолы ______________

«         » __________________ 20___ жыл.  

Пациенттерге арналған құжаттар

  • Шарт-оферта →
  • Құпиялылық және дербес деректер →
DiaMedКлиникалық-диагностикалық зертхана

© DiaMed, 2026

Пациенттерге

  • Талдаулар мен бағалар
  • Чек-аптар
  • Дайындық
  • Акциялар
  • Үйге шақыру
  • Талдау нәтижелері

Зертхана туралы

  • Зертхана туралы
  • Байланыс
  • Құжаттар
  • Құпиялық саясаты

Байланыс

  • +7 (705) 798-60-12
  • @kdl_diamed
  • Барлық пункттер
Шарт-офертаАқпараттандырылған келісімҚұпиялылық және дербес деректер